Қазақстанда соңғы жылдары құнды қағаздар нарығына қызығушылар саны артып келеді. Дегенмен, бұл еліміз үшін жаңа сала болғандықтан, қор нарығына қатысудың басты ережелеріне мән бере бермейтіндер көп. Сонымен қатар, криптобиржа, құнды қағаздар биржасына қаржы салып оны бірнеше есе көбейтіп беремін деген алаяқтардың да алдауына сеніп қалатын жандар көп. Өйткені, бұл сала туралы толыққанды ақпарат мардымды емес.
Осы орайда, «Өте маңызды» бағдарламасына «Жусан Инвест» ірі клиенттермен жұмыс департаментінің вице-президенті Айгерім Молдабекова қатысты. Айгерім Молдабекова құнды қағаздардың түрлерін, олар қалай саудаланатынын және қор нарығына инвестиция салу үшін лайықты брокерді қалай таңдау керек екеніне мән берді.



    Podcast
    • 114 bpm
    • Key: Am